Жарияланған күні:

British Council ХБО кеңесінде

Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдері Қазақстандағы British Council өңірлік директоры Роберт Тейлор, Еуропа өңірінің өңірлік емтихандары жөніндегі директоры Элисон Срипарам және Орталық Азия бойынша емтихандар бөлімінің басшысы, British Council директоры Жанар Рахымжанова тұлғасында Қазақстандағы British Council делегациясымен кездесті.

Тараптар тіл курстары мен IELTS-ке дайындық, білім және мәдениет саласындағы өзара әрекеттестік бастамалары бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Екі жақтың өкілдері ынтымақтастықты тереңдетіп, өзара тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар меморандум жасау мүмкіндігін қарастыруға келісті.

British Council мәдениет және білім салаларында Ұлыбританияның атынан өкілдік ететін халықаралық ұйым болып табылады. Британдық Кеңес алты континенттегі 100-ден астам елде жұмыс істейді, халықаралық ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер жасайды. Британдық Кеңес сонымен қатар ағылшын тілін үйренуге арналған тіл курстарын, IELTS-ке дайындалу және тапсыру курстарын ұсынады.

фото.jpg

фото 2.jpg