Жарияланған күні:

«THE BRUCE» ӘЛЕМДІК ПРЕМЬЕРАСЫ

2024 жылғы 17 ақпанда Шотландия королі Роберт I Брюстің туғанына 750 жыл толуына орай композитор Рахат-Би Әбдысағиннің «The Bruce» операсының әлемдік премьерасы өтеді.

Тарихта тұңғыш рет қазақстандық композитордың операсында Шотландия корольдік консерваториясының опера әншілері мен дирижерлері қатысады, әр сахнада Рахат-Би орган музыкалық аспабында ойнайды. Премьерасы Ұлыбританияның төрт қаласында өтеді.

Рахат-Би Әбдісағин «Болашақ» бағдарламасы бойынша Royal Conservatoire of Scotland-да білім алуда.