Жарияланған күні:

Брюссельде «Болашақ» бағдарламасы бойынша қазақстандық кадрларды даярлау бойынша жетекші жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді

БРЮССЕЛЬ, 2021 жылғы 26 қараша– Мемлекет басшысының Брюссельге ресми сапары аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «College of Europe» қазақстандық мамандар мен мемлекеттік қызметшілерге арналған қысқа мерзімді тағылымдамалар ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасының Брюссельдегі Елшілігінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова мен «College of Europe»ректоры, Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі бұрынғы Жоғарғы өкілі / Еуропалық Комиссияның Вице-президенті Федерики Могерини арасында өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойылды.

1948 жылы Брюгге (Бельгия) қаласында негізі қаланған «College of Europe» еуропалық қатынастар саласында мамандар даярлайды. Мұнда 50-ден астам елдің студенттері Еуропалық құқық, Еуропалық экономикалық және саяси зерттеулер магистрі дәрежесін алады. «College of Europe» еуропалық институттар үшін кадрлар даярлаудың негізгі орталығы болып табылады және Еуропалық Одақтың саяси элитасының альма-матері болып танылған.

​Жыл сайын «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге 600-ден астам грант бөлінеді. А.Карбозованың пікірінше, колледжбен ынтымақтастық Қазақстан үшін стратегиялық салаларда еуропалық институттармен тығыз жұмыс істейтін кадрларды қайта даярлау мүмкіндігін ұсынады.

​ЖОО ректоры Ф.Могеринидің айтуынша, «College of Europe» «Болашақ» бағдарламасы аясында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі.

​«College of Europe» - пен ынтымақтастық ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық ұйымдарда жұмыс істеу үшін қазақстандық мамандарды даярлау қажеттілігі туралы айтқан міндеттеріне жауап беретінін атап өткен жөн.