Басты бет > BOLASHAQNEWS > «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ӘЛЕМНІҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТЫП ЖАТЫР

Жарияланған күні:

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ӘЛЕМНІҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТЫП ЖАТЫР

Ғалымдардың көптеген өтініштеріне байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы әлемнің жетекші университеттерімен және ғылыми-зерттеу институттарымен байланыс орнатуға көмек көрсетеді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығының» сарапшылары «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өту үшін шетелдік университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарынан байланыс орнатуға және шақырту алуға ресми және тегін көмек көрсетеді.

«500 ғалым» жобасы Қазақстанның әртүрлі қалаларынан келген жүздеген ғалымдарға біліктілігін арттыру және ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Көмек алу үшін 500galym@bolashak.gov.kz мекенжайына өтініш жіберу керек.

МАҢЫЗДЫ: Өтінішті жібермес бұрын талаптарды қарап шығыңыз.

Өтініште келесі мәліметтер болуы керек:

  • Толық аты-жөні;
  • Кемінде 12 ай мерзімге аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық ұйымдағы жұмыс орнынан растау;
  • Ғылыми зерттеулер мен мамандандырудың басым бағытының атауы;
  • Қазақ тілі білімі туралы жарамды сертификат (Kaztest немесе Qazaq Resmi Test);
  • Шет тілінде тағылымдамадан өткен жағдайда – ағылшын тілі сертификаты (IELTS, TOEFL немесе Doulingo);
  • Ғылыми нәтижелердің тізбесі немесе құжаттарға сілтемелер (Web of Science, Scopus халықаралық деректер базасында немесе уәкілетті орган ұсынған отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда және (немесе) РСТ (Патенттік ынтымақтастық туралы шарт)халықаралық өтінімінде индекстелген мақалалар немесе шолулар;
  • Тағылымдамадан өткіңіз келетін ұйымның/елдің атауы;
  • Түйіндеме.

Ғылыми тағылымдамалар мен конкурстық іріктеу талаптары туралы толық ақпарат bolashak.gov.kz сайтында берілген.

Орталықтағы мамандардан кеңес алу үшін WhatsApp/Telegram +7 (700) 776 00 75 телефонына хабарласыңыз.

Құжаттар цифрлық форматта Орталықтың ресми сайты арқылы тапсырылатынын және Астанаға келуді талап етпейтінін естеріңізге саламыз.

фото каз.jpg