Жарияланған күні:
Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесінде Фегезак қаласында (Бремен, Германия) орналасқан халықаралық зерттеу университетінің делегациясымен кездесу өтті. Делегация құрамында университеттің басқарушы директоры, халықаралық жұмыс және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті Томас Ауф дер Хейде, сондай-ақ Constructor университетінің халықаралық қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Ирада Хагег бар.
Тараптар «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасы және «Болашақ» бағдарламасы бойынша ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама бойынша университетте 13 адам тәжірибеден өтуде.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әлия Оспанова делегацияны қарсы алып, «Болашақ» халықаралық стипендиясы, «500 ғалым», үкіметаралық гранттар, сондай-ақ Study in kz аясындағы халықаралық ынтымақтастықтағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
Томас Ауф дер Хейде оқыту екі тілде (неміс және ағылшын) жүргізілетінін және университеттің өзі өндірістік орталықтардың (industrial group) бөлігі болып табылатынын айтты, бұл баға жетпес тәжірибе береді және өндірісте тікелей зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Университетте 120-дан астам елден келген студенттер оқып жатыр. Оқудың негізгі бағыттарына инженерия, компьютерлік технологиялар, интеллект, химия, математика, логистика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар салаларында жоғары білікті кадрларды дайындау бағдарламалары кіреді. Хайде мырза университет пен Орталық арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін өз сөзінде атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы бойынша жеңілдетілген санаттарға шақыру алуға жәрдемдесуге келісті.
Анықтама: Университет әлемдегі ең үздік университеттердің 25% кіреді, әлемдегі халықаралық университеттердің 3-ші қатарында.