Жарияланған күні:
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет күні елімізде 2 шілдеде атап өтіледі. Бұл күні 1992 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР Сыртқы істер министрлігі туралы», «Қазақстан Республикасының Елшілігі туралы» және «ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы» ережені бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
Сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының бірінші тұжырымдамасы қабылданды, ол біздің еліміздің сыртқы саяси бағытын іске асырудың стратегиялық қағидаттарын айқындап, қазақстандық дипломатия қызметі үшін айқын және нақты бағдарларды белгіледі.
Қазақстан әлемнің 186 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатты және олармен өзара тиімді әріптестік құрды, көптеген әлемдік процестердің толыққанды белсенді қатысушысына айналды, қазіргі заманғы әлемдік құрылыстың өңірлік және жаһандық проблемаларын шешуге өзінің сындарлы үлесін қосты және қосып келеді.
Дипломат мамандығы ең күрделі және жауапты болып саналады. Біз «Болашақ» стипендиясының көптеген иегерлерінің осы мамандықты таңдағанын мақтан тұтамыз.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде 1993 жылдан бастап «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық қатынастар және дипломатия» мамандықтары бойынша 160 адам оқуын аяқтады.
Біздің түлектер келесі елдерде білім алды: АҚШ, Ұлыбритания, Франция Ресей Федерациясы, Германия Федеративтік Республикасы, Аустралия, Испания, Австрия, Литвf адам және т.б. Бүгінгі таңда болашақтықтар мемлекеттік мекемелерде, квазимемлекеттік секторда, дипломатиялық өкілдіктерде, шетелдік компанияларда және т.б. еңбек етуде.
Барлық қазақстандық дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Баршаңызға ашық аспан, еліміздің сыртқы саясатының маңызды мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруды тілейміз.