Жарияланған күні:

ӘДІЛ МИРАТҰЛЫ ҚҰСМАНОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

1994 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Оксфорд университетінде (University of Oxford) математикалық модельдеу және ғылыми есептеулер мамандығы бойынша магистр дәрежесін, сондай-ақ Назарбаев Университетінде математика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі 3.0, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі болып табылады.

Еңбек жолын 2018-2020 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында жетекші сарапшы ретінде бастаған.

2020-2023 жылдары ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингілеу орталығының сараптамалық-талдау тобының консультанты, жетекшінің орынбасары, жетекші қызметін атқарған.

2023 жылғы қаңтар – 2024 жылғы қараша аралығында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Президентінің, ҚР Президенті Әкімшілігі басшылығының, ҚР Премьер-Министрінің алғыс хаттарымен марапатталған. «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры болып табылады.

Әділ Кусманов Мемлекет Басшысының «Ұлттық қор-балаларға» бастамасын әзірлеуге белсене қатысып, ҚР Ұлттық даму жоспарын, Инвестициялық саясат тұжырымдамасына, ЭЫДҰ-ның Астана қаласындағы өңірлік кеңсесінің тұжырымдамасын әзірлеуге, зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігінің шектерін айқындау әдістемелерін, «Қазақстан Халқына» ҚҚ құру, «Jas Kenes Syilygy» премиясын құру және өткізу, Тұрақты даму мақсаттарының күн тәртібін іске асыру, халықтың табысын арттыру бағдарламасы бойынша және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарларды әзірлеуге, ең төменгі жалақы деңгейін көтеру жобасына, сондай-ақ адами капиталды және еңбек нарығын дамыту жөніндегі әртүрлі бастамаларды әзірлеуге қатысты.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.

фото.jpg