Жарияланған күні:

Е.А. БӨКЕТОВТІҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ЖАС ҒАЛЫМДАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСУ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Адиль Кусманов Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өткен жас ғалымдар форумына қатысты.

Е.А. Бөкетовтің 100 жылдығына арналған форум аясында «Ғылымдағы жаңа есім» жоғары оқу орындары ішіндегі гранттың арқасында іске асырылған және іске асырылып жатқан жобалардың көрмесі өткізілді, докторанттардың зерттелетін тақырыптарының галереясы ұсынылды. Университетте 20 ғылыми-зерттеу мекемесі, ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу зертханалары жұмыс істейді, онда 480-нен астам ғалым жұмыс істейді, олардың 30%-ы жастар.

Форум аясында Адиль Кусманов жас ғалымдарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды тапсырды.

Сондай-ақ, форумда жас ғалымдарды ынталандыру үшін «Отбасы банкі» АҚ атынан 14 пәтердің кілті табыс етілді.

Университет басшылығы Ректор Н.О. Дулатбеков пен ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Е.М. Тажбаев оқу ғимараттарында кітапханаларды жаңғырту бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізіліп жатқанын, термос-жылыжай мен ғылыми орталық пайдалануға берілгенін атап өтті. Алдағы уақытта химия факультетінің ауданы 9000 шаршы метрден асатын зертханалық корпусының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл жаңа корпус ғылыми зерттеулер жүргізу және химия саласында жоғары білікті мамандар даярлау мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.

Адиль Кусманов өзінің құттықтау сөзінде Болашақ бағдарламасының, атап айтқанда ғылыми тағылымдамалардың маңыздылығын атап өтті. Бағдарламаларға енгізілген өзгерістер туралы айтылды, олар қазақстандық мамандардың дайындық деңгейін арттыруға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты күшейтуге және озық әзірлемелерді ұлттық экономикаға ықпалдастыруды қамтамасыз етуге бағытталған, басты мақсаты – өз саласының көшбасшысы болуға дайын жаңа буын мамандарын даярлау.

Осылайша, аталған іс-шараны өткізу еліміздегі ғылымды дамытудың маңыздылығын көрсетеді.

фото на сайт.jpg

фото на сайт 2.jpg

фото на сайт 3.jpg

фото на сайт 4.jpg