Жарияланған күні:

Елордада Халықаралық бағдарламалар орталығының қатысуымен «Ғылым және технологияларды коммерцияландырудағы жастар» тақырыбында диалог алаңы өтті

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық бағдарламалар орталығының қатысуымен «Ғылым және технологияларды коммерцияландырудағы жастар» тақырыбында «Technology Commercialization Point» диалог алаңы өтті.

Кездесу барысында ғалымдар мен сарапшылар ғылым мәселелері мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ саладағы жас ғалымдардың рөлі және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселелері жөнінде сөз қозғалды. Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы IT, инновациялар, инженерия, индустриялық технологиялар саласында кадрлар даярлау қажеттілігін ерекше атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын 500 отандық ғалым әлемдегі үздік ғылыми-зерттеу орталықтары мен ұйымдарында тағылымдамадан өтеді. Биыл кандидаттарды іріктеу қағидалары жетілдірілді, әлемнің 34 елінен 420 ЖОО, ғылыми-зерттеу орталық пен ұйымнан тұратын тізім жасалды. Сонымен қатар, 130-дан астам мамандықты көздейтін ғылыми зерттеулер басым бағыттарының тізімі әзірленді»,- деді Олжас Сәкенов.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Ғылым қоры ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Келісімдер ғалымдар үшін ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруды және мамандар даярлау жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыруды көздейді.

1.jpg

2.jpg

3.jpg