Жарияланған күні:

Елордада жұмыс берушілер мен «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің форумы өтті

30 Қарашада Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздіктің 30-жылдығы аясында әрі Тұңғыш Президент күніне орай «Болашақ» бағдарламасының жұмыс берушілері мен түлектерінің форумы өтті. Іс-шараға «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары мен түлектері, мемлекеттік органдардың, ұлттық және жеке компаниялардың өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың басшылары қатысты.

Форум аясында «Болашақ» президенттік стипендиясы түлектерінің жетістіктері мен олардың еліміздің дамуына қосқан үлесі, түлектерді жұмыспен қамту, ел экономикасының нақты секторына озық ғылыми технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. «Бағдарламаны іске асырудың 28-жылында 11 мың түлектің 52%-ы орта және жоғары буын басшыларына дейін өсті, оның ішінде 10%-ы – өз кәсіпорындары мен стартап компанияларының басшылары.

«Болашақтықтар» экономикадағы сапалы өзгерістер: Денсаулық сақтау, адами капиталды дамыту, мемлекеттік басқару, инновацияларды енгізу және бизнес-процестерді оңтайландыру саласында көшбасшы болды», – деп атап өтті ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Форумға Самұрық-Қазына, Теңізшевроил, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Қазақстанның Даму Банкі, Nazarbayev University сияқты ірі жұмыс берушілер қатысты. «Президенттік стипендия түлектері Nazarbayev University, Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, бірқатар ұлттық медициналық орталықтар, AstanaHub, Astana IT University, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы сияқты стратегиялық маңызды жобаларды іске қосуда, сондай-ақ көптеген мұнай-газ кен орындарын іске қосуда маңызды рөл атқарды, - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова.

Бүгінде «Болашақ» бағдарламасы бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы сәтті жоба болып отыр.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

![](/storage/app/media/Gulnur/7.jpg)