Жарияланған күні:
Менің есімім – Ердәулет РАХМАТУЛЛА, Stipendium Hungaricum иегерімін және Мажарстанның ТОП дипломатиялық университеті – Ludovika University of Public Service-те «Халықаралық мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша білімімді жетілдіріп жатырмын.
Мен университетімнің Халықаралық студенттер амбассадорымын және Халықаралық офисімен тығыз байланыста жұмыс істеймін. Жыл сайын Stipendium Hungaricum стипендиаттарына арналған Welcome Event-та университетімнің өкілі ретінде қатысамын. Ал биыл стипендиаттар қауымдастығына қосқан үлесім әрі оқудағы жетістіктерім үшін Мажарстанның сыртқы істер министрлігінен Stipendium Hungaricum Excellence Award атты басты марапатқа ие болдым. Excellence Award – Мажарстанда 90 түрлі елден келіп, CХ бойынша оқитын 12,000 стипендиаттың жыл сайын 40-ына ғана берілетін жүлде, яғни іріктеу проценті небәрі 0.3%.
Мамандығым туралы
Қазақстанда бір өкініштісі аса оқытылмайтын, бірақ өте маңызды мамандық бойынша біліп алып жатырмын. «International Public Management» (Халықаралық мемлекеттік басқару) оқу бағдарламасы халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік қызметтің болашақ көшбасшыларын дайындайды. Біріккен ұлттар және басқа да халықаралық ұйымдарда қазақтардың әрі Орталық Азиялықтардың үлесі өте төмен, сондықтан мансабымды осы бағытта құрып, Қазақстанның мүдделерін жаһандық деңгейде алға тартқым келеді.
Бағдарлама аясында мен Мажарстан, Еуроодақ пен НАТО-да көпжылдық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметкерлер мен саясаткерлерден, зерттеушілерден білім аламыз. Дәл осындай тәжірибені жастар Қазақстанда ала алмайды.
Оқу бағдарламасы юриспруденция, саясаттану мен халықаралық зерттеулерге басым көңіл бөледі. Мамандығым аясында екінші шет тілін меңгеруім қажет. Людовикада неміс, француз, жапон, испан, орыс, итальян тілдерін меңгеруге болады. Өз басым мажар тілі бойынша бастапқы деңгейде екі курс, неміс тіліген жоғарғы деңгейдегі екі курсты тәмамдадым.
Мемлекеттік қызмет университеті – Людовика жаңадан ашылған жас университет болғанымен, тарихы терең ғылым ордасы. 2012 жылы Людовика үш университеттің басын қосады, олар: Миклош Зриньи Ұлттық қорғаныс университеті, Полиция академиясы және Корвинус университетінің Мемлекеттік басқару факультеті. Сонымен қатар, университетте Қазақстан үшін аса маңызды «Халықаралық су ресурстарын басқару және су дипломатиясы», «Әскери инженерия» сияқты ерекше оқу бағдарламаларында қазақ студенттері оқып жатыр. Университетке Мажарстан Президенті, Премьер-министрі, үкімет өкілдері әрі халықаралық саясаткерлер жиі келеді.
Альма-матеріммен Қазақстан университеттері академиялық және кәсіби байланыстарды нығайту аса маңызды деп санаймын және Мажарстан университеттерінің студенттері, докторанттары мен түлектерінің қазақ қауымдастығымен осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.
Пандемия болған жылы Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін тәмамдап жатқан едім. Ол кезде Stipendium Hungaricum гранты туралы естігенімен, дегенмен бұл бағдарламаны қарастырмадым, тапсырмадым. АҚШ және Гонконгтың топ университтеттерінін шақырты әрі қаржылай көмек жеңіп алдым. Алайда, пандемия мен әлемдегі тұрақсыздыққа байланысты оқуымды Қазақстанда бастадым. Дегенмен, шетелдегі мүмкіндіктерге қол жеткізу, халықаралық ортада болу ұмтылысы менен кетпеді. Қазақстандағы университетте оқуымды жалғастырмай, бағымды сынып Бұл гранттың бірнеше іріктеу кезеңі бар және көптеген құжаттарды сұрайды, сондықтан тапсыру процесі өте ұзақ, жарты жылдан асты. Мен толықтай бұл жолды өзім өттім. Мотивациялық хатымды түзетіп, IELTS 8.0 жинап, өтінімімді өзім жібердім. Катардағы Northwestern университетіне әрі Хунгарикум бағдарламасы бойынша LUPS пен Corvinus университеттеріне тапсырып, үш жерден де шақыру алдым. LUPS-ты таңдап, Хунгарикум жеңіпмазы атанып, Будапештке көштім.
Қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы Stipendium Hungaricum абитуриенттеріне пайдалы ақпарат әрі кеңестеріммен бөлісіп, оқуға түсу мүмкіндіктерін арттырып, көмек беріп жүрмін. Биыл тапсырушыларға тегін-қайырымдылық вебинар ұйымдастырып, жиналған қаражатты Қазақстандағы тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күресіп жүрген әрі зардап шеккендерге көмек беріп жүрген ұйымдарға донат ретінде жібердім.
Stipendium Hungaricum гранты әлемдегі ең жомарт стипендиялардың бірі деп білемін. Ол оқуға қатысты барлық оқу шығынын өтейді, сонымен қатар жатақханада тегін орын беріп, мемлекеттік әрі жекеменшік медициналық сақтандыруды бөледі. Ай сайын бакалавриат пен магистратура студенттеріне – 43,700, ал докторанттарға – 140,000 (кейін 180,000 көтеріледі) форинт стипендия береді беріледі. Апартаментке шыққыңыз келсе, үстінен қосымша 40,000 форинт компенсация береді. Еуропаның жүрегінде білімді тегін алып, халықаралық ортада дамып, кәсіби мүмкіндіктерге қол жеткізуге СХ жол ашты. Еуроодақта болғаным көптеген қосымша білім беру мен кәсіби мүмкіндіктерге қол жеткіздірді. Мен бірнеше жетекші ғылыми орталықтардың fellowship (феллоушип) бағдарламаларынан өтіп, өзімді жасанды интеллект қауіпсіздігі, ядролық және биологиялық қауіпсіздік салалары бойынша жас сарапшы атандым.
“Шығыстың Парижі” – Будапештте әсем сәулетке көз үйреніп, әлемдік классикалық музыка жауһарларына құлақтың құрышы қанды. Сонымен қатар, Түркі әлемімен тереңірек танысып, өз кімдігімізді (идентификациямызды) саралауға түрткі болды. Мажарстанда оқи отырып, түркі тарихы мен мәдениетіне қызығушылығым артты.
Бағдарлама түлектері Будапешт пен Еуропадағы халықаралық топ компанияларда жұмысқа тұрып оқуын Еуропада басқа жомарт стипендияларды жеңіп жалғастырып жатыр. Будапешт қазақ жастарына Еуропа нарығына шығуға зор мүмкіндіктер беріп отыр. Жыл сайын 250 қазақ студенті оқуға түсіп, қазір 1000-нан астам қазақ баласы Мажарстанда білім нәріне сусынданып жатыр.
Биыл Stipendium Hungaricum бағдарламасының Қазақстан үшін тағы үш жылға ұзартылғаны мені аса қуантты. Неғұрлым көп қазақ баласы Мажарстанға оқып, тәжірибе жинаса, соғұрлым екі елдің байланыстары нығайып, ынтымақтастығы артады.
Еуропа одағына бұл шәкіртақы бағдарламасын іске асырып жатқаны үшін алғысымды айтқым келеді.