Жарияланған күні:

Галле-Виттенберг университетінде стипендия алуға арналған конкурс

Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университетінде құқық саласындағы докторантурада оқу үшін стипендия алуға арналған конкурс

Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университеті (Martin-Luther-Universität Halle-Wittenberg — MLU) М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетімен бірлесіп, Фольксваген Қорының қолдауымен Dr. iur атағын алу үшін Құқық саласындағы докторантурада оқудың толық циклына стипендия алуға конкурс жариялайды.

Жобаның мақсаты М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде мына жұмыс үшін жоғары білікті маманды дербес келісімшарт талаптарымен даярлау.

Бағдарламаның ұзақтығы мен мазмұны Оқу мерзімі 4,5 жыл. MLU-да докторлық диссертацияны жазу және қорғау керек. Сонымен қатар, стипендиат неміс тілі курсынан өтіп, құқықтық пәндер, зерттеу әдіснамасы және MLU-да ұсынылатын оқытудың дидактикасы бойынша түрлі курстарға барады. Атап айтқанда, магистрант жобаның зерттеу компонентіне өтпес бұрын неміс құқығының негізгі бағыттарының бірінде (азаматтық құқық, Қоғамдық құқық немесе қылмыстық құқық) курстан өтуі керек. Бағдарлама шеңберінде әріптес университеттер ұйымдастыратын түрлі академиялық және басқа да іс-шараларға қатысу мүмкіндігі беріледі.

Стипендияға мыналар кіреді:

  • оқудың барлық мерзімінде толық қаржылық қамтамасыз ету
  • серіктес университеттердің инфрақұрылымына еркін қол жеткізу
  • екі тәжірибелі профессордың тәлімгерлігі (әр серіктес университеттен бір-бірден)
  • докторанттың ғылыми мүдделеріне бейімделген жеке зерттеу стратегиясын (жоспарын) әзірлеу
  • MLU-дағы тіл және зерттеу курстары
  • халықаралық ғылыми қоғамдастыққа сіңуу үшін үлкен мүмкіндіктер

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • құқық магистрі дәрежесі (ерекше жағдайларда зерттеу тәжірибесі немесе маңызды заңгерлік тәжірибесі бар бакалавриат бағдарламасының түлектерінің өтініштерін қарастыруға болады)
  • тілдік дағдылар: ағылшын (IELTS 6.5) немесе неміс (B2 деңгейі)
  • ғылыми жұмыс және ғылыми жазу дағдылары
  • 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болу

Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 30 қазанға дейін.

Қосымша ақпарат алу үшін барлық сұраныстарды жіберіңіз r_melnik@kazguu.kz