Жарияланған күні:

ГРУЗИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА БІЛІМ АЛУ ҮШІН 5 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Грузияның жоғары оқу орындарына оқуға құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды!

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Грузияның Білім, ғылым және жастар министрлігі арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым саласында ынтымақтастық туралы Келісім аясында Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025-2026 оқу жылына қабылдау мақсатында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі ашылды.

Гранттар саны: 5

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша 2 орын,
  • магистратура бағдарламасы бойынша 2 орын,
  • докторантура бағдарламасы бойынша 1 орын.

Университеттер мен мамандықтар, оқу тілі туралы толық ақпарат төмендегі сілтемеде көрсетілген University programs.

Өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 26 мамырға дейін.

Құжаттар 2025 жылғы 2 маусымынан 15 маусымына дейін (қоса алғанда) «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass_203_mon арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға кеп қолма қол тапсыруға болады.

Құжат тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен келесі сілтемеде танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=63vBxsMIkYs.

Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу келесі турлар арқылы жүзеге асырылады:

  1. Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен үміткерлердің дербес әңгімелесуін онлайн режимде өткізу.
  2. Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.

Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар:

  1. балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
  2. білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы;
  3. Тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағасы.

Қағидалардың 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде балл тең болған жағдайда мына төмендегілер баллмен басымдыққа ие болады (келесі ретпен):

  1. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  2. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
  3. көп балалы отбасынан шыққан балалар;
  4. ауылдық елді мекеннен шыққан, соңғы 2 (екі) жылда ауылдық елді мекенде тұратын үміткерлер;
  5. шетелдік жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылар.

Іріктеу қорытындысы бойынша ұсынылған үміткерлердің тізімі қабылдаушы тарапқа жіберіледі. Соңғы шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

Құжат тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады. 21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайта оралуы және (бір) жыл мерзіммен үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделген.

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 76-90-76 ішкі нөмірлер: 110, 112, 113, 114, 115.

Ережемен мұқият танысуыңызды сұраймыз http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

Жадынама
ҚР азаматының сауалнамасы
University programs
Application form