Жарияланған күні:

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «AITU career EXPO 2022» көрмесіне қатысты

Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлері Astana IT University ұйымдастырған «AITU Career EXPO 2022» мансап көрмесіне қатысты.

Орталық қызметкерлері көрме аясында шеберлік сабақтары мен панельдік пікірталастарға қатысты. Сондай-ақ Astana IT University студенттеріне «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына білім алу, оның ішінде тағылымдамадан өту бойынша кеңес беріп, барлық сұрақтарына жауап берді.

Еске сала кетейік, «Болашақ» бағдарламасы аясында қазақстандықтар магистратура, докторантура, резидентурада бағдарламалары бойынша білім алып, ғылыми тағылымдамадан өте алады.

«Болашақ» бағдарламасының шарттарына сәйкес мемлекет студенттерге оқу ақысын, екі жаққа ұшып қайтуды, сондай-ақ визалық алымдарды, медициналық сақтандыруды, ай сайынғы стипендияны және оқу материалдарын сатып алу үшін жәрдемақы төлейді. Стипендия мөлшері белгілі бір елдегі қалаға және өмір сүру деңгейіне байланысты өзгереді. Мысалы, Нью-Йорк пен Лондонда ай сайынғы стипендия 2 мың АҚШ долларынан асады.

фото.png