Жарияланған күні:

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ «БАНК ФРИДОМ ФИНАНС ҚАЗАҚСТАН» АҚ-МЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

27 қарашада Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесінде ХБО мен «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Келісімге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ филиалының директоры – басқарушы директоры Ардақ Елеусізов қол қойды.

«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ Freedom Holding Corp ірі холдингінің бөлігі болып табылады. Қазақстан қор биржасының (KASE) қатысушысы, VISA International, MasterCard International, "WesternUnion" халықаралық төлем жүйелерінің қағидатты мүшесі.

Тараптар өзара тиімді әріптестікті дамыту және нығайту мақсатында ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр.

Бұл стратегиялық әріптестік білім беру саласында мол тәжірибесі бар Халықаралық бағдарламалар орталығы мен елдің қаржы нарығындағы ірі ойыншы Фридом Финанс Қазақстан Банкі арасында озық тәжірибелер мен технологиялармен алмасуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары банк ұсынатын цифрлық мүмкіндіктер мен шешімдерді пайдалана алады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мүмкіндігін кеңейту үшін белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін атап өтті.

фото.jpg

фывф.jpg