Жарияланған күні:

Халықаралық бағдарламалар орталығы Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин EDTECH FORUM 2022 қатысты

Халықаралық бағдарламалар орталығы Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин EDTECH FORUM 2022 Білім беру технологиялары бойынша жыл сайынғы төртінші қазақстандық форумына қатысты.

Іс-шара аясында Ұлыбритания және Қазақстан ЖОО-лары арасындағы ұлтаралық ынтымақтастықты орнату жөніндегі мәселелерге арналған гибридті форматтағы дөңгелек үстел өтті.

Әнуар Жанғозин Халықаралық бағдарламалар орталығы екі елдің университеттері арасындағы білім және ғылым саласында ынтымақтастықты нығайтудың алаңы, сондай-ақ ғалымдардың британдық ЖОО-ларға академиялық мобильдігі бойынша жобалардың, ЖОО-дан кейінгі білім беру мен біліктілікті арттырудың бірлескен жобалардың модераторы болатынына сенім білдірді.

Іс-шараға Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич, Британдық кеңестің елдер бойынша директоры Эрик Лорри, сондай-ақ отандық және шетелдік ЖОО-лардың ректорлары қатысты.

Форумда отандық университеттер халықаралық ынтымақтастық саласындағы жоспарлары мен әлеуетті жобаларымен бөлісіп, Британдық ЖОО-лармен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

photo_5325736679874609932_y.jpg

photo_5325736679874609935_y.jpg