Жарияланған күні:

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының ҚБТУ ректорымен кездесуі

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Қазақстан - Британ техникалық университетінің ректоры Маратбек Ғабдуллинмен кездесті.

Кездесуде шетелдік жоғары оқу орындармен халықаралық ынтамақтастық, сондай-ақ техникалық мамандарды «Болашақ» бағдарламасымен шетелдік жоғары оқу орындарда оқыту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыға салынды.

Қазақстан - Британ техникалық университеті (ҚБТУ) – еліміздің ең беделді жоғары оқу орындарының бірі, Қазақстандағы жоғары техникалық білім саласында көшбасшы. ҚБТУ ел экономикасының негізгі салалары мен High-Tech саласы үшін ғылыми зерттеулер жүргізеді.

Айта кетейік, биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша инженерлік-техникалық мамандықтарды даярлауға басымдық беріледі. Басым мамандықтар тізімі техникалық бағыттағы мамандықтармен 30%-ға кеңейтілді.