Жарияланған күні:

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

Халықаралық бағдарламалар орталығының Директорлар кеңесінің шешімімен Орталықтың басқарма төрағасының орынбасары қызметіне Бейсенбекова Гүлнұр Жұмағалиқызы тағайындалды.

Ол Орталықтың қаржылық қызметіне, оның ішінде бюджеттік жоспарлау және «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының оқуын қаржыландыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Гүлнұр Бейсенбекова 1983 жылы туылған. 2005 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде экономика және бизнес магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2005 жылы Нұр-Сұлтан қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының білім, мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы болып бастады. Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.