Жарияланған күні:

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да Конституция күніне арналған марапаттау рәсімі өтті

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Орталық, «ХБО» АҚ) кәсіби қызметінде ерекшеленіп, «Болашақ» бағдарламасын дамытуға және жоғары білім беру жүйесін нығайтуға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Қызметкерлерге марапаттарды «ХБО» АҚ Басқарма төрағасы А.М. Қусманов табыстады. Ол өзінің құттықтау сөзінде әріптестердің еңбегін мойындау олардың әрі қарай дамуына және жаңа жетістіктерге жетуіне маңызды ынталандыру екенін атап өтті. Табыс етілген медальдар мен айырым белгілері Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – ҒЖБМ) ведомстволық наградалары болып табылады.

Басқарма төрағасының орынбасары Рахмет Абай Амандықұлы білім беруді дамытуға және ана тілін дәріптеуге қосқан үлесі үшін «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды.

Стратегиялық даму басқармасының басшысы Жапақов Ильяс Асылбекұлы көпжылдық еңбегі мен «Болашақ» бағдарламасын дамытуға қосқан үлесі үшін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Кадр қызметінің қызметкері Жаңабергенова Гүлмира Жаңбырбайқызы мемлекеттік тілдің ұстанымын ілгерілетуге және нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі» төсбелгісімен марапатталды.

Құжаттарды қабылдау басқармасының басшысы Омарова Дина Мұқашқызы көпжылдық еңбегі мен жоғары білім беруді дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Жоғары және жоғары оқу үздігі» дипломымен марапатталды.

Америка, ТМД және Океания басқармасының бас менеджері Мұқашева Далида Дәуренқызы халықаралық бағдарламаларды ғылыми сүйемелдеу саласындағы жетістіктері үшін «Ғылым үздігі» дипломына ие болды.

Кадрлар блогының қызметкері Сәуірбаева Мая Ойықбайқызы кәсіби ортада қазақ тілін дамытуға белсенді еңбегі үшін «Тіл жанашыры» дипломымен марапатталды.

Сонымен қатар, «ХБО» АҚ Стратегия жөніндегі басқарушы директоры Сыздыков Б.А., сондай-ақ Орталықтың өзге де қызметкерлері – Жұмабекова А.К. мен Сүлейменова Ж.Р. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ал Нұрмұхамбетова А.Р., Жұмағұлова А.М., Шерияздан Д.М., Нұрқанова А.З. және Мұстафина М.К. кәсібилігі, бастамашылдығы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ алдына қойылған міндеттерді жауапкершілікпен орындағаны үшін ҒЖБМ-нің Алғыс хаттарына ие болды.

Салтанатты рәсім орталық ұжымының іске деген адалдығы, дамуға деген ұмтылысы және еліміздің «Болашақ» бағдарламасы мен жоғары білім беруінің дамуына жеке үлес қосуға дайын екендігінің жарқын дәлелі болды.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

7.jpg

8.jpg

9.jpg

10.jpg

11.jpg