Жарияланған күні:

Халықаралық бағдарламалар орталығы АӨК саласы үшін мамандарды даярлау жөніндегі мәселелер бойынша дөңгелек үстелге қатысты

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында республикалық парламентаризм Институтының ұйымдастыруымен гибридті форматтағы дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шара барысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша АӨК саласының қызметкерлерін оқыту және тағылымдадаман өту мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері үшін жаңа тағылымдама санаты енгізілді. Сондай-ақ биылғы жылы басым мамандықтар тізіміне АӨК саласындағы жаңа мамандықтар енгізілді. Аталған бағыттағы мамандар үшін аграрлық технологиялар, АӨК менеджменті, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету, тұрақты ауыл шаруашылығы агрономия, аграрлық техника және технология, цифрлық агрономия, агрогенетика және т.б. секілді мамандықтар көзделген.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктерінің, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының, ЖОО мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің, басқа да мүдделі қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сарапшылар өзекті мәселелердің қатарында аграрлық жоғары білім берудің жай-күйі мен даму проблемаларын, АӨК үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі кадрлық проблемаларды, техникалық және кәсіптік даярлау жөніндегі кәсіпорындармен бірлескен іс-шараларды өткізу мен олардың тиімділігін атап өтті.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, соның негізінде аграрлық жоғары білім беру үшін тиімді шараларды қалыптастыру үшін қажетті ұсынымдар әзірленді.

imgonline-com-ua-CompressBySize-U76qPRNHwWAm.jpg

imgonline-com-ua-CompressBySize-JZ20h0hKOOYxyYd.jpg

136411954_3042-min.jpg