Жарияланған күні:
2021 жылғы 14 қазанда Халықаралық бағдарламалар орталығы мен BI University Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қоюға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова және «Profi Time Astanа» ЖШС директоры Ольга Баспаева қатысты.
Меморандумға сәйкес, ынтымақтастықтың негізгі мақсаты - «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен жоспарларды әзірлеу, өзара ақпарат алмасу, екі тараптың қызметкерлерін курстар мен семинарларға тарту. Жоғарыда айтылғандармен қатар меморандум шеңберінде бірлескен дөңгелек үстелдер, бос орындар жәрмеңкесін, ашық есік күнін, «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен кездесулерді және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
BI University-бұл BI GROUP холдингінің кәсіби мамандары мен бизнес серіктестерін дамытудағы сарапшылар. Олар құрылыс индустриясының мамандықтары үшін бірегей білім беру бағдарламаларын жасайды. BI University жұмыс істеген 8 жыл ішінде 15 мыңнан астам маман даярланды.
Кездесу соңында екі тарап та жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.