Жарияланған күні:
Биыл 15 наурызда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Ануар Жангозин және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ басқарма төрайымы Гүлмира Исаева Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум Тараптар арасында тығыз ынтымақтастықты қалыптастыру негізін қалайды. Атап айтқанда, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде агроөнеркәсіптік сектор мамандары үшін академиялық оқу және тағылымдамадан өту, Президенттік стипендия түлектерін жұмысқа орналастыру, тәжірибе алмасу жүйесін дамыту.
Биыл «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде алғаш рет агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері үшін тағылымдамалардың жаңа санаты бекітілген айта кетеміз.
Жаңа санат шеңберінде АӨК саласының қызметкерлері мемлекет есебінен тағылымдамадан өтіп, «Ауыл шаруашылығы инновациялары», «Энтомология», «Агроэкожүйелер туралы ғылым», «Аквамәдениет», «Агро және экологиялық нематология», «Топырақ және жаһандық өзгерістер» сияқты осындай бағыттар және тағы басқалар бойынша әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында жаңа білім ала алады.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындары мен шетелдік ұйымдардың тізіміне әлемнің 27 елінің 200 жоғары оқу орны кіреді.