Басты бет > BOLASHAQNEWS > «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Q88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығы» ҚБ меморандумға қол қойды

Жарияланған күні:

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Q88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығы» ҚБ меморандумға қол қойды

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Q88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығы» ҚБ меморандумға қол қойды.

Мөр басылған мәмілеге сай, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің білімі мен тәжірибесін урбанистиканың ушыққан мәселесін шешуге жұмылдыруға мән беріледі. Сондай-ақ екі ұйым ақпарат алмасу, кадр мәселелері бойынша кеңес, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, ашық есік күндерін ұйымдастыру, бағдарлама түлектерімен кездесулер өткізу іс-шараларын бірлесіп жүзеге асырмақшы.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Болашақ» бағдарламасының аясында сәулет-құрылыс мамандары даярланып жатқанын, аталған қауымдастыққа «Болашақ» түлектерін тарту мәселесі жағынан қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді. Өз кезегінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, «Q88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығы» ҚБ Кеңесінің төрағасы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ерлан Әукенов Қазақстанда барлығы 88 қала бар екенін, ел халқының 58,7 пайызы шаһарларда тұратынын айтып, қалалардағы миграция мен табиғи өсім, экологиялық, экономикалық проблемалар тудырып отырғанын тілге тиек етті. Қауымдастық осы мәселелердің шешілуі мен урбанистика жайын насихаттауға күш салады.

Жиын соңында стратегиялық серіктестер меморандумға қол қойып, алда бірлесіп атқаратын іс-шараларды талқылады.