Жарияланған күні:
Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов пен ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Президенттік стипендия жүзеге асырылған жылдары 860-қа жуық отандық маман медициналық бағыт бойынша дайындықтан өтті. Олардың 50% - дан астамы әлемнің үздік ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырды.
«Болашақ» түлектері озық медициналық технологияларды пайдалана отырып, күрделі кардио-және нейрохирургиялық оталар жасайды, бірқатар Ұлттық медициналық орталықтарда, Ұлттық биотехнология орталығында, Назарабаев университетінде және т.б. дәрілік препараттарды, вакциналарды және ауыр сырқаттарды емдеудің жаңа әдістерін әзірлейді.