Жарияланған күні:
Ағымдағы жылдың 25 маусымында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Торайғыров университеті» КЕАҚ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжатқа «Торайғыров университет» КЕАҚ Басқарма Төрағасының – ректорының м.а. Нұрлан Ержанов пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Вице-президенті Данияр Мұқитанов қол қойды.
Меморандум адами ресурстары мен білім беру қызметін дамытуға бағытталған. Ынтымақтастық шеңберінде ұйымдар мамандандырылған Білім беру іс-шараларын: тренингтер, семинарлар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.