Жарияланған күні:

Халықаралық бағдарламалар орталығы Павлодар қаласының жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестікті нығайтуда

2021 жылғы 25 маусымда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Данияр Мұқитанов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Сапар барысында Toraighyrov university, Инновациялық Еуразия университетінің басшылығымен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесулер өткізді.

Данияр Мұқитанов «Болашақ» бағдарламасындағы негізгі өзгерістер, 2021 жылы стипендия тағайындауға үміткерлерді іріктеудің ерекшеліктері туралы айтып, аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Сапар аясында ЖОО-мен жұмысқа орналастыру және тағылымдамаларды ұйымдастыру саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес, ынтымақтастықтың негізгі мақсаты «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен жоспарларды әзірлеу, өзара ақпарат алмасу, екі тараптың қызметкерлерін курстарға, семинарларға және өзге де іс-шараларға тарту болып табылады.

«Біз Болашақ түлектеріне жұмысқа орналасуға көмектесу үшін оқу ұйымдарымен ынтымақтастықты белсенді дамытудамыз. Сонымен қатар біздің түлектеріміз әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алған өте жоғары кәсіби адамдар және біз олардың әлеуетін өңірлік жоғары оқу орындарын дамыту үшін пайдаланамыз», - деп атап өтті Данияр Ерланұлы.