Жарияланған күні:
Халықаралық бағдарламалар орталығы ресейлік жоғары оқу орындарымен келісімге қол қойды
"Болашақ" бағдарламасының әкімшісі "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен өзара ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойды. Қазақстан делегациясының Ресей Федерациясына сапары барысында Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Әнуар Жанғозин "МИСиС" ҒЗТУ, Мәскеу физика-техникалық институты, ИТМО Ұлттық зерттеу университеті, "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті, И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (ҰИУ), Н.Е. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті. басшылығымен келісімге қол қойды.
Ынтымақтастық академиялық оқыту жүйесі, қазақстандық мамандар үшін техникалық бағыттар бойынша тағылымдамадан өту саласын дамытуды көздейді.
Ә.Жанғозиннің пікірінше, ресейлік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату қазақстандықтарға жетекші оқу орындары мен ғылыми орталықтарда тілдік барьерсіз жоғары техникалық білім алуға қосымша мүмкіндік береді.