Жарияланған күні:

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын ұстанады

Құрметті үміткерлер, стипендиаттар және «Болашақ» бағдарламасының түлектері, егер сіз «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз, осы фактілер туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығына 1424 тегін нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан толық құпиялылыққа және анонимділікке кепілдік беріледі.

Халықаралық бағдарламалар орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткіміз келеді. 2020 жылдан бастап Орталық құжаттарды автоматты түрде қабылдауды және конкурстық іріктеуді жүзеге асырады, бұл адами факторды барынша азайтуға мүмкіндік береді.