Жарияланған күні:
Бүгін біздің орталық пен «Тау-Кен Самұрық» компаниясы арасында тау-кен саласы үшін кадрларды даярлау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
«ХБО» АҚ және «Тау-Кен Самұрық» тау-кен компаниясы «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерін жұмысқа орналастырумен байланысты мәселелерде ынтымақтастықты, оның ішінде кадрлардың біліктілігін арттырудағы өзара іс-қимылды дамытуды жоспарлап отыр.
Осылайша құрылған жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жұмыстарының арқасында Ұлыбританияның, Австралияның және АҚШ-тың үздік әлемдік жоғары оқу орындарында Mining Engineering, Geosciences, Integrated Petroleum Geosciences мамандықтары бойынша білім алған азаматтар түрлі ұсыныстардан айрылып қалмау үшін.
Қызықты факт: «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау, игеру, өндіру, өңдеу және өткізу саласындағы жобаларды іске асырады, тау-кен металлургия өнеркәсібінде ғылымды қажетсінетін және тиімді технологияларды әзірлейді және енгізеді. «Тау-Кен Самұрық» «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ компаниялар тобына кіреді.