Жарияланған күні:

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ WABTEC-ПЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Wabtec корпорациясымен ынтымақтастық туралы стратегиялық меморандумға қол қойды. Меморандумға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова, Wabtec HR International вице-президенті Шери Рирдон және "Wabtec" корпорациясының Қазақстан Республикасындағы филиалының директоры Гайни Дүйсенова қол қойды.

Westinghouse Air Brake Technologies (Wabtec) корпорациясы - инновациялық көлік шешімдері саласындағы әлемдік көшбасшы. Корпорация көлік саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерге белсенді инвестиция салады, инновациялар мен кадрларды даярлауды ынталандыру мақсатында білім беру және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтасады.

Тараптар мамандарды даярлау және қайта даярлау үшін өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын, оның ішінде халықаралық кеңселерде және Корпорация өндірісінде «Болашақ» стипендиаттарының тағылымдамадан өту мүмкіндігін айқындады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 17 қыркүйекте АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасында көлік индустриясын дамыту мақсатында Wabtec компаниясының бас атқарушы директоры Рафаэль Сантанамен кездесуі өтті.

2.jpg

3.jpg

4.jpg

1.jpg