Жарияланған күні:
Қазақстан-Франция Жоғары оқу орындарының 7-ші форумы аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жетекші француз ЖОО-ларымен және ғылыми орталықтарымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Лион қалыпты жоғары мектебімен, Гренобль политехникалық институтымен, Бордо саяси зерттеулер институтымен, сондай-ақ Synchrotron SOLEIL, International Institute of Nuclear Energy ғылыми орталықтарымен келісімге қол қойылды.
Келісімдер мамандарды «Болашақ» бағдарламасымен Францияда дайындау бойынша білім беру жобаларын іске асыруды, сондай-ақ отандық ғалымдардың ғылыми тағылымдамадан өтуін қамтиды.