Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың инженерлік-техникалық мамандықтардың тартымдылығын арттыру мақсатында білім беру саласында реформалар жүргізу қажеттілігі туралы тапсырмасын орныдау аясында, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Ә.Жанғозин броньды дөңгелекті машина шығаратын «Қазақстан парамаунт инжиниринг» зауытына барды. Онда кәсіпорынның конструкторлық бюросымен және заманауи бронетранспортерлер шығарудың Орталық Азиядағы бірегей технологиясымен танысты.
Іс-шара барысында Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы кәсіпорын басшылығымен және мамандарымен еліміздің қорғаныс өнеркәсібінің даму болашағын және оның білікті инженерлік мамандарға қажеттілігін талқылады.
Осыған дейін Басқарма төрағасы Ә.Жанғозин мен «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС бас директоры Ербол Сәлімов меморандумға қол қойды. Құжат Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Қазақстан Парамаунт Инжиниринг арасындағы тығыз ынтымақтастықтың негізін қалайды. Атап айтқанда, «Болашақ» бағдарламасы аясында инженерлік-техникалық қызметкерлерді академиялық оқыту және тағылымдамадан өту жүйесін дамыту, халықаралық стипендия түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ақпарат алмасу және өзара іс-қимыл жасау.
«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Халықаралық бағдарламалар басшылығына «Болашақ» стипендиясының түлектерін қабылдауға және одан әрі ынтымақтастықты дамытуға дайын екеніндігін жеткізді.