Жарияланған күні:
2005 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды.
Қызметінің негізгі мәні - шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.
17 жыл ішінде Орталық «Болашақ» халықаралық бағдарламасына бірқатар жаңғырту мен жетілдіруді жүргізді, ал 2018 жылдан бастап үкіметаралық гранттар әкімшісі болып табылады.
Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша 11 495 маман даярланды. Оның ішінде 6 341 адам (55%) гуманитарлық бағыттар бойынша, 4 140 адам (36%) техникалық бағыттар бойынша, 812 адам (7%) медициналық бағыттар бойынша және 205 адам (2%) шығармашылық бағыттар бойынша оқуды аяқтады.