Жарияланған күні:

Халықаралық бағдарламалар орталығына британиялық журналистер келді

Орталыққа келген The Guardian, Telegraph, Financial Times, Forbes.com, Spectator, New Statesman, Times, The Mail on Sunday, International Business, Times және Business Leader Magazine басылымдарының журналистері «Болашақ» бағдарламасы және оның құрылу тарихымен танысты.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова халықаралық бағдарламаның 28 жыл ішінде қандай жетістікке жеткенін, оның түлектерінің Қазақстанның өсіп-өркендеуіне қаншалықты үлес қосып жатқанын сөз етті.

Өз кезегінде британиялық БАҚ өкілдері сауалдарын қойып, қазақстандық білім бренді «Болашақ» бағдарламасы туралы алдағы уақытта жазылатын мақалаларына қажетті мәліметтер алды.