Жарияланған күні:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНДА «БОЛАШАҚ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығында «Болашақ» бағдарламасы түлектері қауымдастығының мүшелерімен кездесу өтті. Іс-шара гибридті форматта өтті. Кездесу барысында қатысушылар «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2023-2026 жылдарға арналған даму стратегиясының жобасын талқылады.

Іс-шараға IT, медицина, бизнес, медиа, ғылым және білім саласындағы сарапшылар болып табылатын «Болашақ» қауымдастығы 13 клубының көшбасшысы қатысты.

Алғы сөзінде Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Болашақ» бағдарламасын жетілдіру – бұл басты міндеті ел дамуының негізгі бағыттары үшін кадрлық әлеуетті дамыту болып табылатын тұрақты процесс екендігін атап өтті.

Қауымдастық өкілдері өз кезегінде бағдарламаны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтып, кадрлар даярлаудың тиімділігін арттыру және отандық мамандар үшін мүмкіндіктерді кеңейту туралы көзқарастарымен бөлісті.