Жарияланған күні:

Әнуар Жанғозин Астана Медициналық университетінің оқытушы-профессорлық құрамымен кездесті

Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин «Болашақ» бағдарламасы аясында медициналық қызметкерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейту және ғылыми тағылымдамалар үшін ғалымдарды іріктеу шарттарын жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын 500 отандық ғалым мемлекеттің қаржыландыруымен тағылымдамадан өтіп, алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарда зерттеулер жүргізеді.

Биыл да «500 ғалым» бағдарламасы бойынша құжат қабылдауды бастау жоспарланып отыр. Өту мерзімдері мен үміткерлерге қойылатын талаптар туралы қосымша хабарлаймыз.