Жарияланған күні:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ОЛЖАС СӘКЕНОВ СЯМЭНЬ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Тараптар қазақстандық ғалымдар үшін ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру, бірлескен білім беру жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Кездесу барысында Сямэнь университетінің магистратурасы мен докторантурасында тегін оқуға гранттар ұсыну мүмкіндігі туралы сөз қозғалды.

Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 500 қазақстандық ғалым мемлекет есебінен жыл сайын тағылымдамадан өтеді және бірлескен зерттеулер жүргізеді. Биыл біздің ғалымдар әлемдегі жетекші жоғары оқу орындар мен ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтеді. Сямэнь университеті де ғылыми тағылымдамадан өту ұйымдарының тізіміне енеді.

Сямэнь университеті – Қытайдың жетекші жиырма университеттің, сондай-ақ халықаралық университеттер қауымдастығының қатарына кіретін жетекші ұлттық мемлекеттік зерттеу университеті. ЖОО-да 6 академиялық мектеп, 33 мектеп пен колледж, 16 ғылыми-зерттеу институты бар.

Кездесу соңында тараптар ғылым және жоғары білім саласында түрлі бастамалар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін білдірді.