Жарияланған күні:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ИЗРАИЛЬ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Израиль Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Ябо Глузман Эдвин мырзамен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Олжас Сәкенов «Болашақ» бағдарламасының жаңалықтары туралы баяндап берді. Сонымен қатар отандық ғалымдарға арналған ғылыми тағылымдамалар жобасымен таныстырып өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл сайын 500 қазақстандық ғалым мемлекет есебінен тағылымдамадан өтіп, бірлескен зерттеулер жүргізеді. Биыл отандық ғалымдар әлемнің 32 елінен 416 жетекші ғылыми ұйымда тағылымдамадан өте алады. Халықаралық бағдарламалар орталығы ғалымдар тағылымдамадан өте алатын елдер географиясын кеңейту бойынша жұмысты жүргізіп жатыр» - деп атап өтті Олжас Сәкенов.

Елші Ябо Глузман Эдвин Израиль «500 ғалым» бағдарламасы аясында қазақстандық зерттеушілерді тағылымдамадан өтуге қабылдауға дайын екендігін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызын атап өтті.

фото.jpg