Жарияланған күні:
Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді.
Тараптар 500 ғалым үшін ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Сондай-ақ, Олжас Сәкенов «Болашақ» халықаралық бағдарламасынадағы өзгерістер туралы айтып берді.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендігін білдірді.