Жарияланған күні:
Оффлайн-брифингтер «Болашақ» халықаралық бағдарламасының конкурстық рәсімдерін түсіндіруге арналған. Іс-шараларға денсаулық сақтау басқармаларының, облыс әкімдіктерінің өкілдері, студенттер мен тәжірибеден өтушілер, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Спикерлер халықаралық бағдарламаға қатысудың негізгі ережелерімен таныстырып, «Болашақ» стипендиясының үміткерлеріне қойылатын талаптар жөнінде айтып берді.
Айта кетейік, конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды өңірден шықпай-ақ, Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында онлайн тапсыруға болады. Конкурстық іріктеудің кезеңдері мен құжаттар қабылдау барысы толығымен автоматтандырылған.
Өтінімдер биылғы жылғы 14 қазанға дейін қабылданады. Тағылымдамадан өту үшін құжаттар қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.
Брифингтер Қызылорда, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Жезқазған және Шымкент қалаларында өтті. Алдағы уақытта Орталықтың өкілдері Қостанай, Павлодар, Абай және Түркістан облыстарына барады.