Жарияланған күні:

Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдері Көкшетау қаласында өткен брифингке қатысты

Бүгін Көкшетау қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Болашақ» бағдарламасымен шетелдік ЖОО-ларға түсу ережелерін түсіндіру бойынша брифинг өтті

Іс-шара барысында Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдері конкурстық іріктеу ережелері мен «Болашақ»бағдарламасының үміткерлеріне қойылатын талаптарды түсіндіріп берді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы үміткерлердің құжаттары Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында онлайн қабылданады. Құжаттар қабылдау биылғы жылғы 14 қазанға дейін қабылданады. «Болашақ» халықаралық стипендиясы магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалады.

Брифинг соңында Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлері журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.

imgonline-com-ua-CompressBySize-yyN0qZPXJNXj4Rq.jpg