Жарияланған күні:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ӨКІЛДЕРІМЕН ИНТЕРАКТИВТІ КЕЗДЕСУІ

20 қазанда елордалық №35 «Ертегі» бөбекжай балабақшасында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» қызметкерлерінің Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» МКҚК және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілерімен кездесуі өтті.

Кездесу аясында ХБО Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов «Болашақ» халықаралық стипендиясы туралы айтты, сондай-ақ Орталық қызметкерлері конкурстық іріктеу туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті.

Одан бөлек, Ұлыбритания мен АҚШ-тағы мектепке дейінгі білім берудің ерекшеліктеріне шара қатысушылары тоқталып өтті. Қазақстан мен Нидерландыдағы мектепке дейінгі білім берудің салыстырмалы талдауын ұсынды.

Кездесу "Сұрақ-жауап" сессиясымен аяқталды.

1.jpg