Жарияланған күні:
Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Олжас Сәкенов 500 ғалымға арналған ғылыми тағылымдамалар бағдарламасымен таныстырып, «Болашақ» стипендиясындағы өзгерістер туралы айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді байланыстарды жалғастыруға дайын екендігін жеткізді.