Жарияланған күні:
Сапар Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен өтті.
Олжас Сәкенов облыс әкімдігімен жаңа техникалық Ұлытау университетін ашу мәселесін талқылады. Бастамаға қолдау білдіріп, университет өңірдегі ғылым мен технологияның дамуына ықпал ететінін атап өтті.
Сондай-ақ сапар барысында «The Ulytau Educational Foundation» қорының өкілдерімен, «Қазақмыс» корпорациясының басшылығымен, канадалық серіктестермен, Ұлытау облысының медициналық колледж оқытушыларымен және мектеп директорларымен кездесті.
Қазақстанның жаңа өңірі үшін «Болашақ» бағдарламасымен медициналық және техникалық кадрларды даярлау мәселелері талқыланды. Олжас Сәкенов бағдарламаның ережелері мен талаптары, сондай-ақ биылғы жылғы өзгерістері туралы баяндап берді.
Сапар қорытындысы бойынша Басқарма төрағасы жаңадан құрылған өңірдің адами капиталын «Болашақ» бағдарламасы арқылы дамыту саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.