Жарияланған күні:

ХБО ӨКІЛДЕРІ ЧЕХИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін ХБО Басқарма төрағасының орынбасары Асқат Әшімов Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудольф Гиклмен кездесті.

Сондай-ақ кездесуге Елшінің орынбасары Йозеф Богач пен консул Томаш Микеска қатысты.

Тараптар «500 ғалым» жобасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде отандық ғалымдардың ғылыми тағылымдамалары үшін ұйымдар тізімін кеңейту мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасы арқылы Чехияда 100-ден астам қазақстандық даярланды. Түлектердің көбі инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша оқып келді.

аватарка 2.jpg

аватарка 1.jpg