Жарияланған күні:

ХБО МЕН ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Бүгін Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов пен Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Біз барлық үміткерге тең жағдай жасауға үлкен мән береміз. Әсіресе, Қазақстан өңірлерінде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша көшпелі сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру ерекше маңызды», - деп атап өтті Олжас Сәкенов.

Меморандум тест тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшылар үшін біліктілікті арттыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасының басым мамандықтарының тізіміне осы сала мамандарына тағылымдамадан өту үшін жаңа «Тестология» мамандығы қосылды.

«Біздің орталық әрқашан басқа ұйымдармен өзара дамуға дайын. Меморандум екі тарапқа да алдағы жоспарларды іске асыруға үлкен серпін беретініне сенімдімін», - деп атап өтті ҰТО директоры Руслан Емелбаев.

1.jpg

2.jpg