Жарияланған күні:
2023 жылғы 21 шілдеде ХБО мен ҚазҰМУ арасында Меморандумға қол қойылғаны туралы хабарлаймыз. Басты мақсаты - ғылыми тағылымдамалар бағыттары бойынша ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамыту барысында өзара түсіністікті нығайту.
Президенттік стипендияны іске асыру жылдарында 860-қа жуық отандық маман медициналық бағыт бойынша даярлықтан өтті. Олардың 50% - дан астамы әлемнің үздік ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырды.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар ҚазҰМУ-да интернационалдандыруды дамыту мүмкіндігін кеңейту үшін белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін атап өтті.
Біздің ұйымдар арасында құрылған серіктестікке үлкен үміт артамыз және табыс пен өркендеуді тілейміз!