Жарияланған күні:
Бүгін, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова мен Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен бастаған Германия академиялық алмасу қызметінің (DAAD) делегациясы арасында кездесу өтті. Делегация құрамында Германияның академиялық алмасу қызметінің Бас хатшысы Кай Сикс және Германияның басқа да білім және ғылым қоғамдастықтарының жетекші өкілдері болды.
Кездесудің мақсаты – Қазақстан мен Германия арасындағы академиялық алмасулар, ғылыми зерттеулер мен стипендиялық бағдарламалар аясындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылау.
Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова Орталықтың «Болашақ» бағдарламасын, ғылыми тағылымдамалар мен «Study in Kazakhstan» стипендиялық бағдарламасын әкімшілік жұмысымен таныстырып, DAAD-пен ағымдағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті:
«DAAD-пен ынтымақтастық біздің стипендиаттарымызға жоғары сапалы білім алуға және Германияның жетекші университеттеріндегі озық зерттеулерге қатысуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің экономикасына қажетті сала мамандарын даярлау және қайта даярлау мәселесін атап өтті. Осы орайда біз техникалық мамандарды даярлауға баса назар аударып отырмыз. Неміс университеттері инженерия, технология, машина жасау және жалпы техникалық салаларда мықты екенін білеміз. Бұл біздің кадрлардың дамуына ғана емес, сонымен қатар елдеріміз арасындағы ғылыми және білім беру байланыстарының нығаюына да септігін тигізеді».
Неміс Академиялық алмасу қызметінің Бас хатшысы Кай Сикс академиялық ұтқырлық пен алмасуды қолдаудағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті:
«Халықаралық бағдарламалар орталығымен жұмыс істеу елдеріміз арасындағы академиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды мүмкіндіктер ашады. Біз қазақстандық студенттер мен ғалымдардың Германияның білім беру және ғылыми қоғамдастықтарына қалай сәтті кіріктіріліп жатқанын көруге қуаныштымыз және жемісті серіктестігіміз жалғасын табады деп үміттенеміз».
Германия университеттері машина жасау, электротехника және автомобиль өнеркәсібін қоса алғанда, машина жасау және технология саласында көшбасшы болып табылады. Сонымен қатар, неміс университеттері физика, химия және биология сияқты жаратылыстану ғылымдары бойынша озық бағдарламаларды ұсынады. Германия сонымен қатар жоғары деңгейдегі ғылыми зерттеулерімен, әсіресе медицина мен фармацевтика салаларында танымал. Сонымен қатар, университеттер тәжірибеге бағытталған білім мен инновацияны қамтамасыз ететін өнеркәсіппен белсенді ынтымақтастықта.
Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияда 56 қазақстандық стипендиат оқып, тағылымдамадан өтуде, оның 11-і магистратурада, 36-сы ғылыми тағылымдамадан өтуде, 9-ы кәсіби тағылымдамадан өтуде.
Естеріңізге сала кетейік, квота санаттары инженерлік және медициналық қызметкерлерге, сондай-ақ ауылдық жерлерден келген үміткерлерге.
Тараптар академиялық алмасу және ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламаларын кеңейтуге келісті. Сондай-ақ, инженерлік-инновация саласында мықты университеттерге назар аудара отырып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша неміс университеттерінің тізімін жаңарту туралы шешім қабылданды. Тараптар университеттердің бірлескен көрмесін ұйымдастыру мәселесін де талқылады.
Суреттер: Әлішер Қадышов