Жарияланған күні:

Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы 2023 жылғы «Бос орындар жәрмеңкесі» аясында өткен кездесуге қатысты

2023 жылғы 25 шілдеде Астана қаласында Қазақстандағы Қытай Бас сауда палатасы мен ҚХР түлектерінің Қазақстандық қауымдастығы бірлескен ұйымдарының гибридті форматта ҚР және ҚХР ЖОО түлектерінің 2023 жылғы «Бос орындар жәрмеңкесі» аясында қытайлық кәсіпорындармен кездесу өтті. «Бос орындар жәрмеңкесі» өз алаңында бос жұмыс орындарын ұсынған 21-ден астам компанияны жинады.

Кездесуде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Олжас Сәкенов құттықтау сөз сөйледі.

Олжас Берлесұлы «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар, Қазақстандағы Қытай кәсіпорындары мен «Болашақ» стипендиаттары арасындағы ықтимал перспективалық өзара қарым-қатынастар туралы айтып берді.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда ҚХР ЖОО-ларымен 137 болашақ дайындалғанын атап өтті, олар Beijing Jiaotong University, China Agricultural University, Fudan Univesity сияқты халықаралық үздік университеттерді аяқтады. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша - Мұнай геологиясы, Машина жасау, Ақпараттық технологиялар мамандықтары кіреді. ҚХР-да оқуға өтінім берушілердің негізгі назары гуманитарлық және техникалық мамандықтарға тиесілі. Сәкенов «Болашақ» стипендиялық бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Кездесуге 100-ден астам адам қатысты, оның ішінде ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо, түрлі жоғары оқу орындарының өкілдері, Қазақстандағы Қытай кәсіпорындарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ сауда-өнеркәсіп палатасының өкілі.

фото на сайт 1.jpg

фото на сайт 2.jpg

фото на сайт 3.jpg