Жарияланған күні:
Қытай үкіметаралық келісімдер аясында 113 білім грантын бөлді. Қазақстандықтар бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқиды.
Өтінімдер 2023 жылғы 19 қаңтардан 3 ақпанға дейін Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе Халықаралық бағдарламалар орталығында қабылданады.
Конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесінің сайтында ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейін онлайн тіркелуі керек http://campuschina.org/content/details3_74776.html
«Тіркелген кезде үміткер оқу бағдарламасын, жоғары оқу орнын және мамандықты таңдайды. Қазақстандықтарға ҚХР-дың 250-ден астам жетекші жоғары оқу орны ұсынылады. Оқу қытай немесе ағылшын тілдерінде өтеді. Қазақстан азаматтары үшін үкіметаралық гранттар аясында Еуропа мен Азияның 10 мемлекетінде бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқуға 500-ге жуық грант жыл сайын бөлінеді. Бірқатар елдер тілді білмейтін үміткерлер үшін тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігін қарастырған», - деп атап өтті Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.
Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді. Оқыту ағылшын немесе қытай тілдерінде өтеді. Қытай тілінде оқытуды таңдаған кезде бакалавр дәрежесіне үміткерлер HSK 3 сертификатын, магистр және доктор дәрежесіне үміткерлер - HSK 4 сертификатын ұсынуы тиіс.
Грант тағайындау конкурсына қатысу үшін негізгі критерийлер: